24 шілде күні Ресейдің Амур облысында Ан-24 жолаушы ұшағы құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтағы 49 адам түгел опат болған деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Кей басылымдар апатқа ұшыраған ұшақ жарты ғасырдан бері пайдаланылып келген деп жазды.
Ресейде бұрынғы көлік министрінің мәйіті табылған күннің ертесінде дума депутаттары жаңа министрді бекітті. Ресей президенті оны қаза болардан бірер сағат бұрын ғана қызметінен босатқан еді.
Украина Ресейдегі әскери әуе базаларына шабуыл жасағанда қолданған дронның бөлшектері Қазақстаннан жеткізілген болуы мүмкін деп жазды ресейлік ақпарат ресурстары. Бұған Астана не дейді?
Спутниктен түсірілген суреттер мен қолда бар өзге де деректер 1 маусым күні украин дрондары Ресей әскери аэродромдарына жасаған шабуылдың салдарынан Ресей кемінде 10 стратегиялық бомбалаушы ұшағынан айырылғанын растайды.
Кремльді бақылап отырғандар үшін 9 мамырдағы парад елді ширек ғасыр басқарып отырған Владимир Путиннің пиғылы, жалпы Ресейдің саясаты, әсіресе Украинадағы соғыс жайлы саясаты қандай екенін сездіруі мүмкін.
Ресейде 592 мыңға жуық қазақ бар. Олардың көбі Қазақстан мен Ресей шекарасының бойында тұрады. Азаттық кейінгі жылдары Қазақстанға Ресейден көшіп келген ұлты қазақ екі адаммен сөйлесті. Олар Ресей қазақтарының тіршілігі, соғыста қаза тапқан жерлестері мен атамекендегі өмірі туралы әңгімеледі.
Путин атысты тоқтату туралы ұсынысқа көзқарасын білдірді. Сарапшылар не дейді?
Кремльдің ең танымал қарсыласы Алексей Навальный Арктика түрмесінде жұмбақ жағдайда қаза тапқанына бір жыл толды. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы мен Владимир Путин билік сыншыларына қысымын күшейткен тұста оппозициядағы орны үшін күресіп жатыр.
Ресей федерациясы құрамындағы Солтүстік Кавказ республикаларында күйеуінен ажырасқан, қайта тұрмысқа шыққан немесе жесір қалған әйелді өз баласына қамқоршы болу құқығынан айыру жиі кездеседі.
Тағы